Кітапханашылар Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы екендігін түсіндірді. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті: би билеп, ән айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді, «Кейіпкерді тап», «Жұмбақ шешу» ойындарын ойнады. «Ертегілер елінде» кітап көрмесімен танысты. Шара соңында «Қуыршақ театры» қойылымындағы «Үйшік» ертегісін бүлдіршіндер қызығушылықпен тамашалады.