1 декабря в Бозтобинской сельской библиотеке прошли Библиосумерки "От книги до любви к литературе". Для читателей младшего и среднего возраста. Библиотекарь предложила читателям отправится в "книгосветку", ребята запрыгнули в дилижанс и отправились в путешествие. Когда нибудь в родной глуши, буду вспоминать стихи и песни "Эй, ямщик! Ты все же поспеши, Веселее ехать с вами вместе". И первая остановка нашего дилижанса называется "Из тайников моей души" любимые книги нашего детства, ребята вспомнили любимые сказки детства и постарались вспомнить любимых героев. Следом вторая остановка нашего путешествия "Книжное кафе", где юным читателям предложили книжное меню из пословиц и поговорок, сыграли в любимые игры "Отгадай кто у нас?", увлекательные "Библиошашки". Третья остановка нашего дилижанса была самой интересной. Ребята поучаствовали в викторине "По волшебным следам Гарри Поттера", ответив правильно на вопросы, получили фишки, которые в конце вечера обменяли их на подарки. Время сумерек промчалось незаметно, участвуя в конкурсах и играх ребята получили подсказки и интересные факты о книгах!

 


29 қарашада Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Ертегі еліне саяхат «Ойлан тап»" атты  интеллектуалды ойын өткізілді. Шара мақсаты:Тапсырмалар барысында балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Шығармашылық қабілетін дамыту. Ойынға, тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтарын арттыру.Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын кезінде балаларға, халық ертегілеріне байланысты  сөзжұмбақтар  жасырылды. Сонаң соң балаларға «Ақыл- жастан, асыл- тастан» ертегіден алынған сөздеріоқылып,  қай ертегі және кейіпкерлері кім екенін атауларын табу ойыны ойнатылды. Балалар  дұрыс және жылдам  тапқан жауаптарына ұпай жинады. Қатысушылар ертегілерден құралған карталарды құрады. Шара соныңда  қорытынды шығарылып,  жеңімпаздарға марапаттау қағазыдары мен сыйлықтар берілді.
1 орын Жақсылықова А.
2 орын Сағынбай А.
3 орын Амангелді М.
Ертегілер балалардың бойына мейірімділікке, тапқырлыққа баулиды, қай жаста да ертегі  қызықты.

 


"Петропавл модельді ауылдық кітапханасы» Ақтөбе облысының 90 жыл мерейтойына арналған, Ақтөбе өңіріне "Маған қымбат- Туған жер" бейнесаяхат өткізді.Мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, өлкенің тарихы мен табиғат байлығымен таныстыру. Кітапханашы Ақтөбе облысының қалай құрылғаны, өлкеміздің тарихында із қалдырған белгілі тұлғалар туралы айтып берді. Қатысушылар назарына Ақтөбе облысы туралы бейнеролик ұсынылды.



"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ 14 маусым күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Ақтөбе облысына - 90 жыл" атты экспресс - сауалнама өткізілді. Кітап көрмесінде Ақтөбе облысының тарихы туралы деректер айтылды. Оқырмандар Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының туралы қызықты ақпараттар алды. Көрмеге "Айналайын Ақтөбе", "Ақтөбе облысының тарихы"," Ақтөбе тарихы" т. б кітаптар, библиографиялық әдістемелер және буклеттер қойылды.
Мақсаты : Ақтөбе облысының тарихымен таныстыру, кітаптарды насихаттау



Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" акция аясында "Адалдық туралы сөйлесейік" кездесу-дискусия өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға адалдық, парасаттылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға адалдық туралы деректер оқылды.Адалдықтың терең мағынасын білді.Бір бірімен сауал жүргізді,топтасып сұрақтарға жауап берді.


Кітап, кітапхана-мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты (Ә.Кекілбаев)

Құрметті кітап сүйер қауым! Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «Сoworking» орталығында жайдары жаз мезгілін бізбен өткізуге шақырамыз! Орталықтың мақсаты: барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру, орталық қызметін пайдаланушыларға заман талабына сай қызмет түрлерін ұсыну. Жалпы  «Сoworking»  сөзі бірлесе жұмыс жасау деген Замануи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада ашылған орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған, ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, интернет, принтерлер, сканерлермен жабдықталған. Орталық 5 аймақтан тұрады.
1. Тіркеу аймағы
2. Интернет аймағы
3. Интеллектуалды аймақ
4. Балалар аймағы
5. Демалыс аймағы.
Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше…Сондықтан да, әрбір ерекше күнімізді, жаңа, ерекше кітаптар оқып өткізейік!!!



1 маусым – Балаларды қорғау күні және «2022 жыл – Балалар жылы» аясында «Бақытты бала – болашақ мемлекеттің негізі» атты мерекелік шара өткізілді.
Салтанатты мерекелік іс-шара өз деңгейінде тамаша да әсерлі өтті. «Балалы үй базар» демекші, әр шаңырақтан баланың сыңғырлаған үні, былдырлаған бал тілі кетпесін!



"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парменімен "2022 жыл - Балалар жылы" деп аталды. Осыған орай 1 маусым - Балаларды қорғау күніне Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Бақытты балалык шақ" атты сурет салу байқауы өтті. Байқауға кішкентай балалар қатысты. Сурет салу байқауына 6 бала қатысып, соның ішінде жақсы сурет салған үшін мақтау қағаздармен марапатталып және қосымша  сыйлықтар берілді.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салуға деген ынтыларын арттыру.

 


Бүгін бүкіл әлем – Балаларды қорғау күнін тойлайды. Бұл мереке  көптеген тату отбасылар, саябақтар мен шулы шараларға жиналатын күн ғана емес. Бұл да қоғамға әрбір баланы қорғау, жер бетіндегі барлық балалар бақытты, дені сау, әдепті, саналы адам болып өсуіне жағдай жасау қажеттігін байыпты түрде еске салады.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Петропавл ауылдық модельді кітапханасында «Қол  қосайық» асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Сайысқа 10 бала қатысты. Жүлделі орындарды Орынбасаров Арлан – 1 орын, Сағынбай Аяна – 2 орын, Қасымов Мұхтар – 3 орын. Балаларға сыйлықтар берілді.



Қайрақты ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы даланың ұлтын сүйер ұрпағы ретінде Елбасының "Ұлы даланың жері қыры" атты тарихи мақаласының аясында балалармен "Қайрақты қызғалдағының ерекшеліктері" атты "Серуен сағаты" өткізілді. Мақсаты: Қызғалдақ-ұлы дала көктемінің символына айналған гүл, қызғалдақ даланың құнары. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі- біздің дала қызғалдағының "ұрпағы". Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан- қызғалдақтың отаны болып саналатының, Қызғалдақ қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілгені жөнінде мәлімет беру, және Қайрақты қызғалдақтарының ерекшеліктерімен таныстыру, туған жер топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен табиғатқа әсем көркімен сән береді. Қызғалдақты құрметтеу, қорғау, біздің міндетіміз екенің айтылды.Табиғат аясында алынған білімімізді бекіту үшін үй жағдайында өсірілген қызғалдақты көріп, балалар гүлдің әсемдігіне тәнті болып, "Қызғалдақ" биін биледі

 

13 мамыр күні Әлімбет ауылының кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне арналған" Жас оқырман "жасөспірімдер клубының қатысушыларымен бірге қуыршақ театры" Жанұядағы шынайы ертегі " атты қойылым көрсетті. Кітапханашы Дарменова Назымгүл клуб қатысушылары Печерская Альбина, Суенгариев Нурали және Мамыкина Аленамен бірге "Сиқырлы отбасы" ертегісін сахналады.

 


"Ошағының жылуы мен нұры" атты дүнгелек үстел әңгімесі өткізілді, Оның мақсаты – балаларға отбасының, отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын сезінуіне жағдай жасау, балалардың отбасына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін ояту.

 


«Парасатты ұрпақ - жарқын болашақ кепілі» талқылау сағат Жемқорлыққа қарсы жоба бойынша Қос-Истек ауылдық кітапханасы «Парасатты ұрпақ жарқын болашақ кепілі» талқылау сағатын оқушылар арасында өткізді. Іс-шараның мақсаты: • Адам бойындағы адалдық, әділдік қасиеттерін қалыптастыру Кітапханашы «Парасатты ұрпақ жарқын болашақ кепілі» талқылау сағатына көрме ұйымдастырды. Осы жобаның құрылу мақсаты туралы айтты. Еліміздің әр азаматы үшін сенімділік, адалдық басты құндылықтар.

 


7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай жас оқырмандарды отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. елін қорғай білуге, елге қызмет ету және патриоттық тәрбие беру мақсатында Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Мен елімді қорғаймын» атты аудандық патриоттық челлендж ұымдастырды. Челленджге ауданның жас оқырмандары қатысып, өз замандастарына қарулы күштер қатарында азаматтық борышын орындауға және Отан қорғауды үндейді.


2022 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті реформатор Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтой қарсаңына орай "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасына арналып ұйымдастырылуда.
Іс-шараның мақсаты- оқушыларды қазақ халқының ұлы тұлғасының өмірбаянымен таныстыру, отансүйгіштікке, өз еліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Қос-Истек ауылдық кітапханасында "Ахмет Байтұрсынов-ақын, ғалым, публицист...» шарасы өткізілді
Шара барысында кітапханашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстырды. Тарих пәнінің мұғалімі Т.Сүлейменов "А.Байтұрсыновтың қанатты сөздері мен сөздері"шығармашылық мұрасын зерттеудегі бағыттардың бірі туралы айтып берді. Онда ол халықты білімге, өнер мен мәдениетті игеруге шақырады, тұлғаның рухани дамуының қажеттілігін түсіндіреді. Олардың көпшілігі терең ойлауға шақырса, біршама бөлігі адамды шабыттандырады. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі билеуіне, мәдениеттің дамуына, білім мен ғылымның дамуына, ғасырлар бойы өзіндік халық шығармашылығының ұлт рухының сақталуына жалынды қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы Байтұрсыновтың қазақ халқына деген баға жетпес еңбегін ескеріп, оны "Қазақ зиялыларының көсемі"деп атағаны бекер емес.


Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Балалар кітабының жұлдызды апталығы  аясында Қайрақты ауылдық кітапханасында," Қітап білім бұлағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , жаңа түскен кітаптарды таныстыру мақсатында "Библюфреш," өткізілді . Орта буындағы мектеп оқушыларына кітап туралы мақал-мәтелдер, кітапты дұрыс ұстау ережелері туралы айтылды. Апта бойы кітапханаға бірнеше балалар келіп кітап алып тұрды М.Әуезовтің " Әңгімелер ",
Ы. Алтынсариннің "Кел балалар оқылық" ,Т.Молдағалиевтің "Балаларға базарлық", атты өлеңдер жинағын ,"Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің " Алтын жинағы "және Дж.К  Роулингтің 7 томдық романдарын  балалар қызыға оқыды. Кітапханашы  балаларды кітапханамен таныстырып ,ертегілер оқып берді.Екі бала кітапханаға жазылды.Кітапханашы кітап оқудың пайдасы мол екенің айтты.Әрқашанда сіздер үшін, кітапхана есігі ашық келіп, кітап алып тұрыңдар деді.
Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдегі әр түрлі құбылыстар туралы түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.


«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.
Балалар кітабының жұлдызды апталығы  аясында Қайрақты ауылдық кітапханасында," Қітап білім бұлағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , жаңа түскен кітаптарды таныстыру мақсатында "Библюфреш," өткізілді . Орта буындағы мектеп оқушыларына кітап туралы мақал-мәтелдер, кітапты дұрыс ұстау ережелері туралы айтылды. Апта бойы кітапханаға бірнеше балалар келіп кітап алып тұрды М.Әуезовтің " Әңгімелер ",
Ы. Алтынсариннің "Кел балалар оқылық" ,Т.Молдағалиевтің "Балаларға базарлық", атты өлеңдер жинағын ,"Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің " Алтын жинағы "және Дж.К  Роулингтің 7 томдық романдарын  балалар қызыға оқыды. Кітапханашы  балаларды кітапханамен таныстырып ,ертегілер оқып берді.Екі бала кітапханаға жазылды.Кітапханашы кітап оқудың пайдасы мол екенің айтты.Әрқашанда сіздер үшін, кітапхана


Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында  қазақтың белгілі жерлес ақын Сәбит Баймолдиннің  80 жылдығына орай, ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Сәбит Баймолдин –өжет  ойлы ақын» поэтикалық декадасы. Оқушы Қуатжанова Асель #2БОМ 9 сынып. Өлең: "Анамның әні"


Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Альмуханова Гүлназ барша Қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап,жақындарына жылы лебізін білдірді


Қазақ халқының ұлы көсемі

28 ақпан күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «Бір ел-бір кітап» облыстық акциясы аясында , 2022 жылдың таңдауы-Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары бойынша «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты шара өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге алаштың бес арысының бірін таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Шара барысында аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Гусманова Зайра «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілікке таныстырды. Көрмеде оқырмандарды ғалым, педагог, мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстыратын материалдар және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар ұсынылды. Сонымен қатар, А. Ісімақанованың «Алаш әдебиеттануы», «А. Байтұрсынұлының шығармалары», «А. Байтұрсынұлының тілдік мұрасы» кітаптары қойылған. Құрметті оқырмандар, Сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз, бізбен бірге болыңыздар!


Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Ескен Елубаевтың 80 жылдығына арналған «Балалық шақ әуендері» әдеби декадасы аясында «Балалар әдебиетінің бағбаны» өлең оқу марафоны Оқушылар: Рустем Жанерке, Асылбекқызы Інкәр, Доскенов Сұлтан, Көшкінбай Перизат, Каркулова Медина, Асылхан Ажар #2БОМ 3 "а" сынып

 

Қазақ балалар ақыны, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың 80 жылдығына арналған "Балалар әдебиетінің бағбаны" информ дайджест

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қос-Истек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай "Көркемсөз зергері" атты кітапханалық ревю өткізілді. Іс-шараның мақсаты- оқушыларды Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының кітаптарын оқуға деген қызығушылықты арттыру, Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы негізінде өскелең ұрпақ бойында патриотизмді тәрбиелеу.
Байменова Г. балаларды жазушының өмір жолы және шығармашылығымен таныстырды. Одан әрі оның шығармашылығы бойынша қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі Койшибаева Д. И. ой өрбітіп, қазақ әдебиетінде" Аналар галереясын" жасаған жазушы туралы мағлұматтандырды.Шараға 8 адам қатысты.
Оқушылар ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттармен қызығушылық білдіре отырып танысты.

 




Ел Тәуелсіздігінің – 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қос-Истек ауылдық кітапханасы "Тарих беттеріне шолу» тақырыбында Буктрейлер өткізді. Аталған шараның мақсаты: Жас оқырмандардың Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Кітапханашы Байменова Г.А. шара барысында оқушыларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстырып, «Сұрақ -жауап» сайысын өткізді. Онда әр адамның, әрбір қоғам мүшесінің ең қымбаттысы, ең бағалысы – ОТАН туралы білім – білік деңгейлерін тереңдетуге негізделген тапсырмалар қамтылған. Қазақстан – ұлан – байтақ, еркін ел. Көпұлтты мемлекет. Әрбір шынайы азамат патриот, яғни өз жерінің адал ұлы болуы керек! Патриот– бұл сөз грек тілінен аударылған. Ол өз Отанын, халқын сүюі және оны мақтан тұтуы керек дегенді білдіреді. Отаншыл, рухшыл болуды насихаттайтын шара өз деңгейінде өтіп, оқырмандар бойына патриоттық күш-жігер қалыптасуына ықпал етті. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, кітапханашы Н.Дарменова сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу мақсатында "Сыбайлас жемқорлықсыз ел" бейне-көрсетілімін дайындады. Бейне көрсетілім жұмыс істейтін жастарға арналған және елімізде тәуелсіздік жылдары қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаға арналды. Материалда мемлекеттік қызметші сәйкес келуі тиіс негізгі талаптар баяндалады.

"Дина Нұрпейісова- күй  шебері". Тақырыптық клиппинг.
Табиғи дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.Ұстазы шәкіртіне «енді өзің де күй шығарсаң болады» деп батасын береді. Динаның тырнақалды шығарған күйлерінің қатарына «Бұлбұл», «Байжұма», «Жігер» күйлерін жатқызуға болады.Д.Нұрпейісова ғұмырының соңғы кезінде шығарған «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты шығармаларымен өнерсүйер қауымның жүрегінде қалды.
Қазақтың күйші қызы Дина халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты.

«Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір адамы» Тұңғыш Президент күні – бұл өзінің болашағы мен тағдырын таңдаған Қазақстан халқының тарихи таңдау күні. 1991 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа дәуірі басталды. 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Әлімбет модельді ауылдық кітапханасы «Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір адамы» ақпаратты құжат дайындалды, тұңғыш Президенттің шығармашылық адам екені таныстырылды. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заң қабылданды. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретінде белгілеген қаулы шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. Степной ауылдық модельді кітапханасы 1желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай Степной ауылының қызметкерлері арасында құттықтау бейнеролигін түсірді "Қазақстан-кеше,бүгін,ертең" видео презентациясы Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн.Осы асыл азаматтарымыздың үзілген жас, қыршын өмірлерімен Қазақстан бүгінде тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-әрбір қазақтың, Қазақстанды өз отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Кез келген елдің тәуелсіздігін паш ететін, әрі мемлекеттігіміздің өткені мен бүгінгі арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі-туы, әнұраны, елтаңбасы және ата заңы мен валютасы болуы тиіс. Құрметті оқырмандар! Қарғалы аудандық балалар кітапханасының кітап қоры жаңа кітаптар «Қазақ халық ертегілері» сериясымен толықтырылды. Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі Алдар Көсе туралы ертегілер жиынтығы. Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор екендігі бәрімізге белгілі. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді. Біз сіздерді кітап оқуға шақырамыз! Панфиловшылар ерлігінің 80 жылдығына 1941 жылдың 16 қарашасы – генерал И.В. Панфилов дивизиясының 28 жауынгері ерлік жасаған күн. Мәскеу түбіндегі Дубосеково жол аи‌ырығында өткен жанкешті шаи‌қаста кеңес батырлары жиырма шақты неміс танкін жои‌ып, фашистердің астананы бұзып өтуіне жол бермеді. Панфилов дивизиясы 1941 жылдың жазында Алматы қаласында Қазақ және Қырғыз КСР әскеріне шақырылғандар мен еріктілерден жасақталды. Қолбасшылықты генерал-маи‌ор Иван Панфилов алды. Бұл дивизияның құрамында Бауыржан Момышұлы да бар еді. Панфиловшылардың ерлігі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу үшін фашистік басқыншыларға қарсы шаи‌қастың қаһармандық үлгісі болды. 16 қарашадаи‌ тарихи күннің қарсаңында Елбасы кітапханасы панфиловшыларды еске алуға арналған беи‌неролик даи‌ындады.

«Отбасымызбен кітап оқимыз»

«Жанұялық кітапхана» жобасы аясында

«Отбасымызбен кітап оқимыз» бейне роликтер челленджи «Жанұялық кітапхана» кітаптың және оқудың жоғары қоғамдық мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту үшін құрылған ерікті өзін-өзі басқаратын бірлестік болып табылады. Кітапхана – ғасырлар бойы адам баласына рухани байлық сыйлап келе жатқан, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын. Сонымен бірге парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырта отырып қоғамдағы кітапқа, кітап оқуға, кітапханаға деген қызығушылықты өрістету; ата-ананың балаға тәрбиелік ықпал етуі арқылы кішкене кезінен бастап оқу мәдениетін қалыптастыру. Челлендж катысушы: Сопыбековтер әулиеті (Сопыбекова Адемау Амангелдікызы Карғалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы)



«Жанұялық кітапхана» жобасы аясында

«Отбасымызбен кітап оқимыз» бейне роликтер челленджі

«Жанұялық кітапхана» кітаптың және оқудың жоғары қоғамдық мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту үшін құрылған ерікті өзін-өзі басқаратын бірлестік болып табылады.

Кітапхана – ғасырлар бойы адам баласына рухани байлық сыйлап келе жатқан, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын. Сонымен бірге парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы.

Жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырта отырып қоғамдағы кітапқа, кітап оқуға, кітапханаға деген қызығушылықты өрістету; ата-ананың балаға тәрбиелік ықпал етуі арқылы кішкене кезінен бастап оқу мәдениетін қалыптастыру. Челленджге катысушы: Шамбаевтар отбасы



«Жанұялық кітапхана» жобасы аясында

«Отбасымызбен кітап оқимыз» бейне роликтер челленджі

«Жанұялық кітапхана» кітаптың және оқудың жоғары қоғамдық мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту үшін құрылған ерікті өзін-өзі басқаратын бірлестік болып табылады.

Кітапхана – ғасырлар бойы адам баласына рухани байлық сыйлап келе жатқан, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын. Сонымен бірге парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы.

Жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырта отырып қоғамдағы кітапқа, кітап оқуға, кітапханаға деген қызығушылықты өрістету; ата-ананың балаға тәрбиелік ықпал етуі арқылы кішкене кезінен бастап оқу мәдениетін қалыптастыру. Челленджге катысушы: Садуовтар отбасы



1 қазан – Халықаралық қарттар күніне «Қарттарым – асыл қазынам» бейне құттықтау

Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлау, құрметтеу, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатымен ұйымдастырылды



Қос-Истек ауылдық кітапханасы патриотизмге, кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу мақсатында Сіздердің назарларыңызға "Живи и здравствуй Кос-Истек" өлкетану виртуалды саяхатын ұсынады, онда біз сізге ауылымыздың қалыптасу тарихы, ауыл аумағында жұмыс істеген өндірістік объектілер туралы айтып береміз. Біздің Отанымыз-Қазақстан .Бірақ әр сүретін бұл байтақ еліміз бар, жүрекке жақын орындар қайда келеді қайтып тағы, тағы да.


"Туған тілім - бабам тілім, өз тілім"

"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Туған тілім - бабам тілім, өз тілім" атты әдеби нон-стоп өткізілді.

Мақсаты: Ана тілі туралы жалпы мәлімет, түсінік беру. Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтқыза отырып, ана тіліне деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. " Мемлекеттік тіл - бірлігіміздің кепілі" атты кітап көрмесі қойылды.



«Алтын тостағанды іздеу»

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Шараның мақсаты: халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу.

Зира Наурызбаева, Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» шығармасында Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде, ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Шым-шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен насихатталған.

Бату және оның достарымен бірге шым-шытыр оқиғаларға еніп, қызықты әлемге жол тартқыңыз келсе, Зира Наурызбаева, Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» шығарманы Қарғалы аудандық балалар кітапханасына келіп, оқуларыңызға болады.



"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" ойын-сауық.

Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасы

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" ойын-сауық.

Мақсаты: оқырмандардың кітап туралы білімдерін кеңейту, кітапты сүйе білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың жаз мезгілі туралы ұғымы кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, сұлулығын сезіне білуге үйрету.

"Сөз мәйегі - мақал" дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, тапқыр сөйлеуге үйрету.

Балалар мақал-мәтелдерін жалғастырып және әр түрлі жұмбақтарға жауап берді. Жаз мезгіл туралы сурет салды.



"Даланың сыршыл жүрегі"

Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасы

"Даланың сыршыл жүрегі" буктрейлер. Ақдәулетұлы Мейірхан, ақын, туғанына 70 жыл.

Мақсаты: Мейірхан Ақдәулетұлының өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, жастардың кітап оқуға, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



2021 жыл «Бір ел-бір кітап » акциясы бойынша «Тәуелсіздігіміздің - 30 жылдығына 30 - кітап» атты республикалық акция ұйымдастыруына орай халқымыздың рухани мұрасын сақтап ,кітапты кұрметтеу мақсатында Мұқағали Мақатаевқа арналған « Бір өлеңі бір елдің мұрасындай » атты әдеби кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.



"Тәуелсіздік Қазақстанның санғасырлық арманы"

Қайрақты ауылдық кітапханасы,"Тәуелсіздік Қазақстанның санғасырлық арманы" атты тарихи сағат ұсынады.

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.



"Балаларға сүйіспеншілікпен кітап сыйла"

Қосестек ауылдық кітапханасы,кітап оқуды қолдау,қоғамда кітап оқу,сыйлау дәстүрін жаңғырту және "2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау" және "Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында ,"Балаларға сүйіспеншілікпен кітап сыйла" акциясын ұйымдастырды.



Облыстық " Оқитын өлке" акциясы аясында Қосестек ауылдық кітапханасында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы поэтикалық марафон өткізілді.Сонымен қатар өлеңдер оқылды.Жұмыстың мақсаты оқырмандарды Ақтөбе облысының жазушысы А.Өтегеновтың өмірі жәнеде шығармашылығымен таныстыру,отансүйгіштік сезімін арттыру,атақты адамдарды құрметтеуге шақыру.



2021 жылғы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында Қос-Истек ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған "Менің жанымның жақсы достары"Шетелдік әдебиеттің әлемінде "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап " жобасын ұсынады.. Акцияның мақсаты-отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау. Акцияның міндеті-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

 

Аудармалар: Юсупов Кеңес, Габриель Гарсия Маркес "Жүз жылдық жалғыздық", Адетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк "Аманат өмір", Ахметов Әділ, Агата Кристи "ғажайып болған миллион", Меллат Төлеген, Халид Хусейн "Жарқыраған мың күн", Мазен Динара, Ж. К. Роулинг " Харри Поттер



"Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында

"Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы" Библио-глобус өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру. Оқырман Абдрахманова Камилла өз ойымен Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзін айтып берді. Оқырмандарға кітапхана меңгерушісі кітап көрмесіне қысқаша шолу жасады.



"Сикырлы кiтаптар әлемі"

"Сикырлы кiтаптар әлемі" cуреттер челленджi. Алға аудандық балалар кітапханасынан қабылдап,Хромтау аудандық балалар кітапханасына жолдаймыз.




"ЖАЗ КІТАППЕН"

Қарғалы аудандық балалар кітапханасының окырмандары Умбеталина Жанерке, Бижанова Аружан,Бижанова Салтанат,Байназар Нұрқанат өз жазғы кітап оку маусымдарын ашты. Сонымен қатар өз достарын кітап окуга шақырады.