Жаңалықтар
14 ақпан 2019 ж. Əлімбет ауылдық клуб, жəне кітапханасында "Ауған соғысы ардагерлеріне" арналған мерекелік əдеби - концерттік кеш өтті. Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері Калиев Асылбек Тезекбайұлы болып, қонақтармен өз-ойын бөлісіп, ауылдастарының алғасына бөлінді.
Қосестек ауылдық кітапханасында ауыл мектебімен бірласе отырып "Ауғанстан жаңғырығы" атты іс шара ұйымдастырылды. Шара қонағы Ауғанстан ардагері Тертышный Виктор Петрович болды. Оқушылар өздерінің ойларын мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Степной модельді ауылдық кітапханасына Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала жеті қыры" атты Елбасының мақаласы бойынша жылжымалы кітап көрмесі келді. Жылжымалы кітап көрмесінің мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып, егжей -тегжейлі түсіндіру. Оқушыларды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету, тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру,отансүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеу. Кітап көрмемен танысуға Сазды орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерімен келді. Кітап көрмені Әдіскер Баймұханов Жомарт таныстырды.











