2026 жылғы 1 сәуірде Әлімбет ауылдық модельді кітапханасында «Bibhofil» қызығушылық клубының мүшелерімен бірлесіп Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Кітаппен дос болайық!» атты әдеби ертеңгілік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітаппен дос болу дағдыларын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ арасында шығармашылық және танымдық бос уақытты насихаттау.









