13 наурыз күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасында қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрін насихаттауға арналған "Көрісу – көңіл тоғысы" атты этно сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, әжелер арасында тағылымды әңгіме, салтқа байланысты сұрақ-жауап, сондай-ақ қызықты сайыс өткізілді.









